Ғабит Мүсірепов «Ұлпан»

Кураторлық сабақ дөңгелек үстел түрінде өтті. Осы кураторлық сағатты өткізу мақсатында кураторымыз екі апта бұрын үйге Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқып келуге берді. Көпшілігіміз кітаптан, кейбіріміз аудиокітап тыңдап келдік. Дөңгелек столға жайғасқаннан кейін, студенттер кезекпен сөз алып, түсінгендерін айта бастады. 

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсі­репов «Ұлпан» атты романында қазақ әйе­лінің әншейін қиялдан тумаған, жал­ған дәріптелмеген, өмірде нақты про­то­типі бар көркем бейнесін жасаған. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты жи­нақы романында бейнелеген Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің оты­на күйіп, басқа ерді сүйгені үшін қарекет қылған, ұябұзар әйел емес. Керісінше, «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-бере­кесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды. «Алтын бас­ты әйелден бақыр бас­ты еркек артық», «Байтал шауып бәйге алмас» деп қарайтын елде Ұлпан сияқты қайратты жанның болмысы бағалана бермейді. Керей ішінде Сибан руының бас көтерер адамы, биі Есенейге Ұл­пан қыз қапалақтаған қар астында ұшы­расады. Есеней еркекшора киінген, батыл сөйлескен Ұлпанның қыз екенін байқамай қалады. Оның қыз екенін Есенейге дереу айта қалып, жүрегіне шоқ түсіріп жіберген «түркпен» Мүсіреп: «Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде көз құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде неғып байқамадың?» дейді. Жазушы «шарпып» деген сөзді текке қолданып тұрған жоқ. Махаббат оты демде тұтанғанының тұспалы. Романның дилеммасы мен драмасы осы эпизодта бірден жарқ етеді. 

Осылайша романды егжей-тегжейлі талқыладық. Бұл романның тәрбиелік мәні мен жастарға деген автордың айтар ойын, әр студенттің түсінгені бойынша талқылап, ортақ қорытынды жсадық.

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.

Басылым күні :  18.02.2019