«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кураторлық сабақ

Ана тілі-адамзат жаралғалы бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі болып келеді. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын асыл қазына. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілі бар екен. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерінің тіл мерекесі. Осы айтулы мерекеге орай жоспар бойынша біздің тобымыз «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кураторлық сағат өттік. Кураторлық сағатта әр студент бей жай қалған жоқ, әрқайсысы өз үлесін қосты. Біреулері ана тіліміздің тарихын айтып жатса,  келесі біреуіміз елімізде тұрып жатқан әр елдің тілдері жайында ақпарат берді. Қыздар ақын-жазушылардың тіл жайында толғаған өлеңдерін оқып, шығармаларына тоқталды. Кураторлық сағаттың соңынан ана тіліміздің қандай маңызды екенін, өз тілімізді қаншалықты құрметтеуіміз керек екені жайында қорытындылап, жақсы бір ойланатындай әсер алдық. 

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.


Басылым күні :  18.02.2019