«Есентай молл» кинотеатрынан «Тілек тіле» атты киноны тамашаладық

Ғалымдардың айтуы бойынша айына бір рет болсын кино әлеміне ену арқылы күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін 62 пайызға төмендете алады екенбіз. Алайда, нашар киноның теріс әсер ететіндігін естен шығармай, киноға да талғаммен барып тұрған дұрыс деп санаймыз. Тағы бір деректерде үрейлі  фильмдер – кейбір ауруды аластатады екен, ол резеңке бетперде киген, бет-аузының тілімі шығып, қанмен жуылған кейіпкерлер ми қызметін 25 пайызға арттырады екен дейді. Комедия көріп, жүрек ауруынан айығуға болады екен. Бір кинода 30 минут бойы күле алсаңыз, қан тамырларыңыз кеңейіп, қан айналымы жақсара түседі екен. Боевик – қан қысымын төмендетеді екен. Жағымды кейіпкер өз күшімен жағымсыз кейіпкердің бетін бұзып, талқанын шығарып жатса, қандағы адреналин дәрежесі көтеріледі екен де бұл гормон кортизолдың қан тамырға әсерін бәсеңдетіп, соның арқасында қан қысымы төмендейді екен деп жазыпты бір деректерде. Осындай қызықты деректер бар екен. Жалпы біз топпен, көпшілік сияқты демалу, бір-бірімізбен уақытты қызықты өткізу мақсатында  «Есентай молл» кинотеатрынан «Тілек тіле» атты киноны көріп, жақсы көңіл-күйде қайттық. 

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.

Басылым күні :  18.02.2019