Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, біздің университетімізбен танысу

Біздің білім алып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіміз территориясы жағынан нағыз университет кампусы – қала ішіндегі қала деп айтсақ болады. Біз группа болып, университетімізбен мақтанамыз. Біздің университетімізде мұражай, тәулік бойы жұмыс жасайтын жастар Интернет-орталығы бар. Білім алып, тапсырмаларды орындап үлгерейік, ана сабақ қиындау, оны қалай түсінем деп жүргенде 1 семестріміздің соңына да жақындап қалыппыз, ал біз университетімізбен толыққанды танысып та үлгермедік, сол себепті 3-желтоқсан күні кураторымызбен бірге университетті аралап танысып шығуға шықтық. Қазақ ұлттық университеті – бұл 14 факультеттен, колледж, біліктілікті жетілдіру институты, 20 ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, технопарктен тұратын қалашық. Университет қалашығы территориясында толыққанды білім алуға арналған барлық жағдай жасалған: жаттығу залы, спорт алаңы мен секциялары бар таңғажайып спорт комплексі, медициналық пункт те бар. Жыл сайын жаңа басылымдармен толықтырылып отыратын кітапхананың 2 миллионға жуық қоры бар екен. Жастар Ғаламтор орталығы қазіргі таңдағы ғаламтор қызметтерімен қамтамасыз етіліп, таңертеңнен кеш батқанша жұмыс жасайды. Жастардың еркіндігі мен шығармашылық қабілеттілігінің потенциалын ашатын республикадағы бірден-бір Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар. Ыстық тамақпен тамақтандыратын орындар 8.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. КазГУградта орналасқан ҚазҰУ кинотеатрында әр апта сайын жаңа кинокөрсетілімдер мен әлемдік премьералар көрсетіліп отырады екен. Университетіміздің музейін де аса қызығушылықпен араладық. Университетімізді жан-жақты аралап, суретке түсіп, осылайша танысып қайттық.


Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.

Басылым күні :  18.02.2019