Медеу мұз айдынында

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Денсаулық, спорт және Қазақстанның мәдени орталығы – Алматы қаласы туралы мәлімет беру, Алматы қаласындағы мәдени, орталықтарымен таныстыру мақсатында 22- қараша күні Медеу мұз айдынына бардық. Алып шаһар Алматының кез келген тұрғынына барып: "Қайда демалуға кеңес бересіз?" деп сұрасаңыз, көп нұсқаның ішінде міндетті түрде "Медеу мұз айдыны" деген жауаптың болатыны анық. Іле Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте тұрған айдын сонау 1972 жылы салынып, 2010 жылы қайта жөндеуден өткен және әлі күнге дейін еліміздегі маңызды спорттық нысандардың қатарына кіреді. Арихитекторлар Арыстан Қайнарбаев пен Владимир Кацевтің жетекшілігімен салынған стадионға бүгінде 8100 адам сияды. Ал, жалпы мұз алаңының көлемі 10 мың шаршы метрден асады екен. Бұл – кешенде конькимен жүгіру, шайбалы және допты хоккей, мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерінен әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді екен. Сондай жарыстардың қатарына 2011 жылы болған қысқы Азия ойындарын, 2012 жылы өткен Бендиден Әлем чемпионатын, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жатқызуға болады. «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ, бізде естен жоғалтпайық, уақытты босқа өткізбейік, осындай көрікті жерлерге барып тамашалайық.

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.

Басылым күні :  18.02.2019