Есік көліне жол

Көпшілік студенттердің әр-жақтан жиналатын және 1-курс болғандықтарынан, көптен естіп жүрген, көрікті жерлерді көріп тамашалауға бірінші кезекте ынталары ауды. Сондықтан да группа болып 30 қыркүйек күні, бірінші тамашалауға барған жеріміз - Есік көлі болды.  Есік көлі тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал көл болып табылады. Альпі және Кавказдың ең танымал тау көлдерімен салыстырғанда, өз сұлулығымен жарысымды. Бағалау бойынша, шатқалдың оң беткейінің құлауына себеп болған апатты жер сілкінісі нәтижесінде шамамен 8-10 мыңжылдықта көл пайда болған екен. Көлде балықтар жоқ. Судың тазалығы мен ашықтығы 10 метр тереңдікте көрінетін тәрізді. Тамашалауға барған әрбір адам әсерсіз қалмайтыны белгілі. Әрбір студент өзінше таңырқасып, табиғаттың тамаша сулулығын көріп, қызығып қайтты. Бұл алғашқы табиғат аясына шыққан топ студенттерінің бір-бірімен жақсы танысып, етене араласып, жақындықтарын арта түсті деп ойлаймыз. Қайтар жолда студенттер бір-біріне өз туған жерлерінің көрікті жақтарын айтып, табиғат аясында түскен суреттерін тамашалап, көңілді қайтты. Осылайша адамның табиғатқа жақындығын, табиғаттың сулулығын сезініп, оны қорғауға ,аялауға шақырдық деп ойлаймыз.   

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.

Басылым күні :  18.02.2019