С.Сматаев “Елім-ай”

Информатика 3-курс студенттерімен өткізілген ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: С.Сматаев “Елім-ай”

Куратор-эдвайзерлер: Адилжанова С.А., Газиз Г.Г., Сакыпбекова М.Ж.,Тюлепбердинова Т.А.

Уакыты: 15 қараша 2018 саг 15-00 ауд 410

 С.Сматаевтың “Елім-ай” романында Аякөзде болған ұрыстың ұзын-ырғасы суреттелмей, ол туралы жұртшылық санасындағы ұғым-түсінік, тарихи баға алға тартылады. Бұхар жырау романында қалың жұрттың, өзі өмір сүріп отырған ортаның саяси бетін сол баға, халық санасына сіңіп қалған сол ұғымға сүйеніп анықтайды, өзгені де соған иландырады. Бұл ретте тарихи оқиға адамның немесе белгілі бір қоғамдық ортаның ой елегінен өтіп, сұрыптала келе танылған, бағаланған тарихи ақиқатқа, сапалық мәнге иеленген тарихи фактіге айналды. Танылған, бағаланған, соның нәтижесінде сапалық мәнге иеленген тарихи ақиқат факт адамдардың өзара қарым-қатынасында, қоғамдық ортада жаңа тарихи оқиғаларды танып-білуге, олардың әлеуметтік мәні мен маңызын анықтауға қызмет етеді.

Басылым күні :  05.02.2019