Қанатың талмасын, қиялың самғасын!

Информатика кафедрасының 1-курс эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен факультеттік деңгейде АЖ және информатика кафедрасының студенттері мен оқытушылары арасында «Қанатың талмасын, қиялың самғасын!» атты интелектуалдық ойыны өтті. Ойын 4 студент және  оқытушыдан тұратын топтық сайыс ретінде өткізілді. Ойын соңында АЖ кафедрасының тобы қойылым ретіндегі «Қонақ кәдесін» ұсынды. Әділ-қазылар шешім шығарғанша залдағы көрермендермен ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Сайыс соңында АЖ кафедрасының тобы «Жүзден жүйрік» номинациясымен, информатика кафедрасының тобы «Жас ғалым» номинациясымен марапатталды.

 

Өткізілген орны: 327ауд.

Жауапты: 1-курс эдвайзерлері

Өткізілген уақыты: 03.11.2017 ж

Басылым күні :  08.11.2017