Абай Құнанбайұлы – ешқашан аты өшпейтін тұлға

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының  1 курс студенттерімен  «Абай Құнанбайұлы – ешқашан аты өшпейтін тұлға» тақырыбында  ашық кураторлық сағат өткізілді. Студенттерге мәліметтер бере отырып Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу мақсатында өткізілген бұл ашық сабақта студенттер абайдың қара сөздерін оқып, өлеңдерін шырқап, сөзжұмбақтар шешті. Ашық сабаққа, Информатика кафедрасының доценті Гусманова Ф.Р., аға оқытушы Тұрсынбай А.Т., аға эдвайзер Омарова П.Т. қатысты.

Өткізілген орны: 222 аудитория

Жауапты: Салимханова А.С.

Өткізілген күні мен уақыты: 10.10.2017 ж cағ:14:00

Басылым күні :  30.10.2017