С.Сейфуллин “Көкшетау” поэмасышығармасына «100 кітап аясында» өткізілген шара

18.04.2017 жылы сағат 17:00 да 413 аудиторияда С.Сейфуллин “Көкшетау” поэмасы атты ашық кураторлық сабақ өтті. Қазақ даласының  таңғажайып  сұлу өлкесі – Көкшетау  Сәкен Сейфуллин поэзиясында жан- жақты, айшықты жырланды. Ойшыл, сыршыл ақын өз шығармасында табиғат сұлулығын келістіре жырлай білді. «Көкшетау» поэмасы – ақынның туған жерге деген махаббатының, ақындық шабыты мен суреткерлік шеберлігінің айғағы.Халық ертеден-ақ  өмірге келген сәттен бастап  қуанышы мен қайғысының, шаттығы мен ашу-ренішінің куәсі болып келе жатқан туған жер табиғатын әнге қосып шырқап, жырға қосып  мадақтаған. Мұндай жырларда жерді жырлау жалаң күйде алынбайды, халық тарихындағы елеулі бір көріністермен байланыстырылады


Іс-шараны ұйымдастырушылар:

2-курс ВТиПО к/б, 3-курс ВТиПО о/б

Эдвайзерлер: Адилжанова С.А., Газаз Г.Г., Тюлепбердинова Г.А.

Басылым күні :  20.04.2017