Абай Құнанбаев «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» кураторлық сабақ

29.03.2017,  мех-мат, 401 ауд,  сағат 17.00

2-курс ВТиПО к/б, 3-курс ВТиПО о/б

Эдвайзерлер: Адилжанова С.А., Газиз Г.Г., Тюлепбердинова Г.А

Жасымда ғылым бар деп ескермедім - Абайдың 1885 ж. жазған  өлеңі. Өлеңнің басты идеясы - жастарды білім, ғылымға үндеу. Ақын ел ағасы ретінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды. Жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрүм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретінде өкінішті сыр етіп шертеді. Бұл білімге оның көңілі толмайды. Оның аңсайтыны - нағыз зерделі де терең ғылым жолы, өзі мейірі қанып сусындай алмаған шығыс ғұламаларының еңбектері, кештеу болса да дәмін татып қалған орыс, батыс классиктерінің ығармалары, қазақ елінен гөрі дамудың неғұрлым жоғары сатысында тұрған елдердің ғылымы. «Мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі» -дейді жас ұрпаққа.

Басылым күні :  20.04.2017