«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 атты ашық кураторлық сабақ

Механика математика факультеті информатика кафедрасы «ЕТжБҚ» мамандығының 2- курс студенттерінің қатысуымен өтті. Бұл сабақтың мақсаты- «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017   көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру. Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.

Өткізілген орны: Механика математика факультеті, 410 ауд сағ 14-00

Ұйымдастырушылар: Адилжанова С.А.,Тюлепбердинова Г.А:

Басылым күні :  20.04.2017