Алғысымыз шексіз

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Механика математка факультетінің информатика кафедрасының 4-курс студенттерінің қатысуымен «Алғысымыз шексіз» атты мерекелік концерт өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау . Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күнін студенттер арасында дәріптеу.

Өткізілген орны: Механика математика факультеті. Қызыл зал 02.03.2017ж 

Ұйымдастырушы: Газиз Гүлнұр

Басылым күні :  19.04.2017