Қалалық сенбілік
«Green Campus» жобасы аясында 2017 жылдың 15 сәуірде механика математика факультетінің информатика кафедрасының «ЕТжБҚ» мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен сенбілік өткізіліп, факультет айналасына раушан гүлдер егілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерге қоршаған ортаны қорғау, еңбектін маңыздығын, салауатты өмір салтын дәріптеу. Ұйымдастырылған іс-шараға студенттер ұйымшылдық көрсете отырып, белсене қатысты. Факультеттің территориясын қоқыстан, түскен жапырақтардан, сынған бұтақтардан тазалады және әдемі раушан гүлдері отырғызылды, қоқыстарды арнайы орынға шығарды.
Өткізген орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика математика факультетінің территориясы.
Ұйымдастырушы: Ғазиз Гүлнұр Ғазизқызы
Басылым күні : 19.04.2017