Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар интернет орталығында Қазақстан аумағы бойынша студенттер арасындағы әлемдік спорттық программалау АСМ ICPC ширек финалы өтті

2015 жылы қазан айының 24 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар интернет орталығында Қазақстан аумағы бойынша студенттер арасындағы әлемдік спорттық программалау АСМ ICPC ширек финалы өтті.

Бұл олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 35-тен артық командалар қатысты,  олимпиада ережесі бойынша әр команда 3 қатысушыдан құралып оларға программалау бойынша 12 есептен берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды Халықаралық Ақпараттық Техгологиялар Университеті(ХАТУ), 2-орынды Қазақстан Британ Техникаллық Унивеситеті(ҚБТУ), 3-орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлыттық Университеті еншіледі(ҚазҰУ).

Басылым күні :  31.10.2015