«Жырлайды жүрек» шығармашылық кеші

Жыл сайын 9 ақпан күні қазақ әдебиетінде ерекше  із қалдырған қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған  Мұқағали Мақатаевтың туған күні атап өтіледі.  Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай Информатика кафедрасының оқытушылары мен студенттері №6 жатаханада   «Жырлайды жүрек» атты шығармашылық кеш ұйымдастырып, өткізді. Ұйымдастырушы студенттер ақынның әндері мен шығармаларын орындап көрермен қауымды бір тебірентті. Ақынның өлеңдері туған жерге, елге арналғандықтан өткізілген кештің жастарға берер тәрбиесі өте зор.



Басылым күні :  25.02.2015