Әл-Фараби атындағы ҚазНУда бүгін жаңа оқу жылы басталды!

Информатика кафедрасының меңгерушісі ф-м.ғ.к., доцент Урмашев Байдаулет Амантаевич барлық студенттер мен оқытушыларды Білім күнімен құттықтады. Білім күнін Оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, п.ғ.к., доцент Л.Б. Рахиммжанова мен аға эдвайзер Н.Б. Закарьянова өткізді. Білім күнінің салтанатты құттықтау бөлімі өте жақсы өтті. Содан кейін 1 курс студенттері куратор-эдвайзерлерімен бірінші кураторлық сабағын өтті, бұл сабақта студенттер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ар-намыс кодексімен, сабақ кестесімен және кредиттік технологияның ережелерімен танысты.

Басылым күні :  25.02.2015