«Генетик» және «English club» үйірмелерінің жұмысы бойынша есеп

Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Генетик» және «English club» үйірмесінің жетекшілері Әліқул А.Б. және Мынбаева Д.О. үйірме жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырып, үйірме старосталарын тағайындау, үйірме хатшысын сайлау мәселесін көтерді. Үйірме жұмысының бір жылдық жұмыс жоспарын талқылап, келесі жиналыста көтерілетін тақырып туралы ұсыныстар білдірді.

Бір жылдық жұмыс жоспарында студенттердің өздері қызыққан жұмыстар жайлы, сондай-ақ заманауи генетика және молекулалық биология саласындағы тақырыптар сайланып алынды.

«5В060700-Биология» мамандығының 3 курс студенті Абил Нурдана Абабилқызы үйірме хатшысы болып тағайындалды, «5В060700-Биология» мамандығының 3 курс студенті Жанузакова Нургуль Маратовна үйірме старостасы болып тағайындалды. Келесі жиналыста қарастырылатын тақырып «Генетика және гендік инженерия саласындағы қызықты ашылулар» бойынша Ахатаева Еркеназ және Казакпаева Алзира баяндама жасайды деп шешілді.


 


Басылым күні :  15.11.2020