ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» тақырыбында ЖҮРГІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» тақырыбында Қазақстанның жас ғалымдары арасында (40 жасқа дейін) байқау өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Егер сен қоршаған ортаңда болып жатқан өзгерістерге, ел тағдырына немқұрайлы қарамасаң, өршіл және мәселелерді шешу жөнінде өз пайымың бар болса, онда өз аталған жобалар байқауына өз жұмысыңды жіберіп, Қазақстанның ғылыми дамуына өз үлесіңді қоса алатын жастар қозғалысының бір бөлігі бол!

Байқаудың міндеті – ғылыми зерттеулерге қатысу үшін Қазақстанның жас ғалымдарын тарту және оларға өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ұсыну.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірлестігімен

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға жеке немесе авторлық ұжыммен 40 жасқа дейінгі Қазақстанның жас ғалымдары қатыса алады.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1 кезең. Өтінімдерді қабылдау.

Байқауға қатысу үшін көрсетілген форма бойынша (1-қосымша) жазылған жобалық идеясы бар байқауға қатысу туралы өтінімді электрондық форматта YouthKazNU@gmail.com поштасына жіберу қажет немесе көрсетілген форманы толтырып 2020 жылдың 20 қарашасына дейін жіберуіңізге болады. Құжаттың атауы: Аты-жөні_Жоба атауы

2 кезең. Қатысушыларды алдын ала іріктеу.

2020 жылдың 27 қарашасында 1 кезеңнен іріктеліп өткен 10 жұмыстың авторларына растау жіберіледі.

3 кезең. Іріктелген жоба жұмыстарын қорғау және жеңімпаздарды анықтау

Іріктелген 10 жоба жұмыстарын қорғау 2020 жылдың 2-ші желтоқсанында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

Үздік жұмыстар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

1 орын – 200 000 теңге.

2 орын – 125 000 теңге.

3 орын – 75 000 теңге.    

 

Сонымен қатар, байқауға келіп түскен, қойылатын талаптарға сәйкес келетін жұмыстар «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдар арасындағы өткізілетін Халықаралық конференцияның жинағында немесе ҚазҰУ-дың ғылыми журналдарында жариялау үшін ұсынылады.

 

Байқау жеңімпаздарының жобаларын іске асыру мерзімі, зерттеу нәтижелерін жариялау: 01.12.2021 ж. дейін

Байқаудың талаптарына сәйкес келмейтін жобалар қарауға қабылданбайды.

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ

Ғылыми жоба коронавирустың жағдайы әсер еткен әртүрлі салаларды қамтуы керек. Ғылыми жұмыстарда әлеуметтік, экономикалық аспектілер, қоршаған ортаның жай-күйі және халық денсаулығының іске асырылуы және көрсетілген мәселелердің шешуге бағытталған басқа да кешенді шаралар да ұсынылуы мүмкін.

Жобалық-ғылыми шешім ғылыми әзірлеудің мәселелерімен міндеттерімен, сондай-ақ проблемаларды реттеуді шешу жолдарымен де байланысты болуы мүмкін.

Жұмыс көлемі кемінде 10 бет болуы керек. Беттердің максималды саны – 15.

 

Конкурстық іріктеуде жобаларды сараптау келесідей талаптарға сүйене отырып бағаланады:

1. Байқау тақырыбына сәйкестігі, жұмыс тақырыбының мазмұны мен тұжырымдалуы.

2. Жобаның өзектілігі.

3. Жобаның жаңалығы, практикалық маңыздылығы және бәсекеге қабілеттілігі.

4. Жобаны іске асырудың жоспарланған орны.

5. Жобаны коммерцияландыру немесе бизнес, кәсіпорындар, экономиканың нақты субъектілері тарапынан жобаны қоса қаржыландыру мүмкіндігі.

6. Жобаның жаңашылдығы, идеяның бірегейлілігі.

7. Жоба нәтижесін коммерцияландыру перспективасы.

8. Жобаның инвестициялық тартымдылығы.

9. Жобаның экономикалық тиімділігі.

10. Жұмыстың орындалу сапасы.

11. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі (атауының, форматының, дереккөздерге сілтемесінің болуы және т.б.).

ЖОБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Байқауға қойылған шарттарға сәйкес келетін барлық ғылыми бағыттар бойынша өтінімдер ұсынылуы мүмкін.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Омиралиева Гаухар Касеновна, Тел.: +7(702)459-67-48, +7(727)377-33-30, 11-62, YouthKazNU@gmail.com

 

 

Құрметпен,

ұйымдастыру комитеті

Республиканский Конкурс_СМУ_КазНУ_kaz.pdf

Басылым күні :  09.11.2020