Өнер туралы сұхбат

Хабарландыру!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының  "100 кітап" жобасының аясында ұйымдастырылып отырған "Өнер туралы сұхбат" атты атақты композитор Ахмет Жұбановтың қызы, б.ғ.д., профессор Жұбанова Ажар Ахметқызымен кездесу кешіне шақырамыз. 

Кездесудің мақсаты:

1. Қазіргі жастардың рухани байлығын арттыру. Ахмет Жұбановтың еңбектерімен тереңірек таныстыру;

2. Ғылым саласында да талай белестерді бағындырып, жастарға білім нәрін сусындатып жүрген Ажар Ахметқызының өз еңбек жолымен таныстыру.

Өткізілетін орны: БОҒ-6, 214 кабинет., 1 сәуір күні, сағат: 14:00

Қосымша ақпарат алу үшін: 8(727) 377-33-33, ішкі: 12-11 

Басылым күні :  31.03.2015