«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анатомиялық мұражайға экскурсия

14 қазан 2019 ж. Биотехнология кафедрасы «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анатомиялық мұражайға экскурсия ұйымдастырды.

Мақсаты: салауатты өмір салтын дәріптеу және әлеуметік маңызды аурулардың алдын алу.

Экскурсия барысында студенттер адам организмінің ішкі құрылымымен, ондағы жүретін процестермен және түрлі патологиялардың туындау себептерімен танысты. Сондай-ақ, алғаш рет музейдегі экспонаттар мысалында алкоголь және психотропты заттардың адам организмінің түрлі мүшелеріне тигізетін әсерлері мен салдарларын өз көздерімен көрді. Экскурсия соңында студенттер экскурсоводқа өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

 Өткізілген орын: Алматы қ., Төле Би, 94, өткізу уақыты: сағат 11:00.

Басылым күні :  02.12.2019