«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Ауэзов атындағы драма театрына «Үміт үзгім келмейді» қойылымына бару бойынша

31 қазан 2019 ж. Биотехнология кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Ауэзов атындағы драма театрына баруды ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты: халқымыздың бай мәдени, рухани мұрасын насихаттау.

Театрда студенттер «Үміт үзгім келмейді» қойылымын тамашалады. Туынды соңында студенттер алған әсерлерімен, эмоцияларымен бөлісті, өздерінің көзқарастарын білдіріп, туындыны орындаушы актерлерге баға берді, туындының мазмұнын талдады, өз өмірлерінде болған жағдайлармен салыстыра отырып, пікірлерін білдірді.

Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., профессор м.а. Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.

Өткізілетін орын: Алматы қ., Абай даңғылы, 103, өткізу уақыты: сағат 18:30.

Басылым күні :  02.12.2019