ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия

5 қазан 2018 ж., сағат 15:00 Биотехнология кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мемлекеттік Ә.Кастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.   Экскурсия мақсаты: студенттерге мәдени-тарихи құндылықтарды насихаттау, моралдық-патриоттық тәрбие беру.

Мұражайды аралау барысында студенттер Әбілхан Кастеевтің өмірбаяны мен жеке творчестволық өнері тұралы жан жақты ақпатраттар алып, өз білімдерін толықтырды. Қылқалам шеберінің қайталанбас туындыларын тамашалай отырып, олардың ұлттық бейнелеу өнеріміздің байлығы мен беделі болып табылатынына көз жеткізді. Экскурсияның екінші бөлімінде Қазақстанның декоративтік қолданбалы өнері туындылары залын тамашалады. Онда қойылған  былғары мен ағаштан жасалған бұйымдарды, киіз, түкті кілемдердің, сонымен қатар зергерлік бұйымдардың үлкен топтамасымен танысып, көптеген қызықты тарихи мағлуматтар алды. Экскурсия соңында, студенттер мұражайда тамашалаған Ә.Қастеевтің туындыларынан, қазақ халқының декаративті - қолданбалы өнерінен алған әсерлерімен өзара бөлісті, әрі қызықты баяндамалар жасап, оның негізінде өздерінің қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білді.

Басылым күні :  03.12.2018