әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мұражайына экскурсия

29 қараша 2018 ж., сағат 10:20 Биотехнология кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия мақсаты: халқымыздың бай мәдени, рухани мұрасын насихаттау, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу.  Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., профессор м.а.  Асрандина  С.Ш.,  б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д., «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.

Экскурсия барысында студенттер мұражай қорын қамтитын «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» тақырыбтарын қамтитын диорамдық кешендері мен жаймасөрелердегі тақырыптық экспозицияларды аралап, мұражай қызметкерінің сүйіспеншілікпен еліктіре оқыған баяндамасы мен презентациясын аса қызығушылықпен тыңдады.  Экспозициялық көрсетілімдегі данышпан мұраларын – философиялық трактаттарды, фарабитанушылардың құнды зерттеулерін, Отырар елді мекенінен табылған тарихи артефактарды, деректер, конференция материалдары және әлемнің ең ірі кітапханалары мен музейлерінен әкелінген баға жетпес жәдігерлерді тамашалап, өз білімдерін жаңа мағлуматтармен толықтырды. Шара соңында студенттер танып - білген көптеген ақпараттардан  алған әсерлерімен бөлісіп, мұражай қызметкеріне үлкен алғыс білдірді. Ұйымдастырылған іс-шара жастардың бойында қалыптасқан рухани-адамгершілік мәдениеттің  одан әрі дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз! 

Басылым күні :  03.12.2018