«Экологиялық генетика мен экпериментальды биологияның өзекті проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер !

әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университеті биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасы биология ғылымдарының докторы, профессор, ХАА және ҚЖМ ҰҒА академигі Биғалиев Айтхожа Биғалиұлының 75-жылдығына арналған «Экологиялық генетика мен экпериментальды биологияның өзекті проблемалары» тақырыбында халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.  Өткізілу уақыты: 25 қаңтар 2018 жыл, сағат 10.00. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, № 3 зал.

 

Конференция бағдарламасында келесі секциялар бойынша пленарлы және секциялық отырыстар өткізу қарастырылады:

Секция 1. Жалпы және экологиялық генетиканың өзекті мәселелері.

Секция 2. Экология мен экспериментальды биология проблемалары

Секция 3. Білім беру, тәрбие және ғылым модернизациясы.

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Қатысушыларды тіркеу №3 акт залының фойесінде өтеді. 

 

Конференцияның іріктелген материалдарын «ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясына» шығару жоспарлануда (ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне кіреді). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясының хатшысы – Ниязова Райгуль Есенгельдиевна. E-mail: vestnik.kaznu.eko@mail.ru. Мақалаға рецензия және «ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналының ғылыми  редакторы, ұйым жетекшісі профессор Б.Қ. Заяданның атына ілеспе хат болуы керек. Мақаланы рәсімдеу сұрақтары бойынша Н.Е. Ниязоваға байланасыңыздар, биотехнология кафедрасы, 405 кабинет.  Қызмет телефоны: 8(727)221-10-00;  ішкі 1205; моб.тел. 87778620202.

Конферения материалдар мен өтінішті төменде келтірілген ережеге сай 2017 жылдың 25 желтоқсанына дейін келесі электронды почтаға жіберіңіздер: ayzada.1983@mail.ru. Қызмет телефоны: 8(727)221-10-00; вн., 1215,  моб.телефон: 8-777-155-78-06.

Информ. 75 летию А.Б Бигалиева_исправленная.doc

Басылым күні :  23.01.2018