«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Денсаулықты жастан сақта!» тақырыбындағы іс-шара

30 қараша 2017 жылы (15.00 сағ.)   Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 және 4  курс студенттері  «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Денсаулықты жастан сақта!» тақырыбында «Керемет» студенттер орталығының дәрігерлерімен (терапевт, социолог, гинеколог) кездесу өтті.

Өткізілген орын мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ГУК-6, 412 аудитория, сағат 15.00. 

Ұйымдастырушы оқытушылар: х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А., б.ғ.к., доцент  Асрандина  С.Ш.,  б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д., б.ғ.к., доцент  Ерназарова Г.И., б.ғ.к., доцент  Атамбаева Ш.А., б.ғ.к., доцент Акмуханова Н.А., Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент  Кистаубаева А.С. және  «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.

Шараны өткізу мақсаты: студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу, дәрігерлерден кеңес алу.

Іс-шара барысында келген дәрігерлер «Гепатит және оның қауыптілігі» және «Жыныс жолымен берілетін аурулар», «Қыз баланың десаулығы» атты тақырыптарға презентация көрсетіп, баяндама жасады. Содан кейін, студенттер дәрігерлерге көптеген сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. Дәрігерлер студенттердің сұрақтарына жауап қайтарып, өздерінің кеңесін берді. Кеш дисскуссиялық түрде, қызықты  өтті.Барлық студенттер белсенді қатысты.  Іс-шара көңілді және қызықты өтті.

 

Басылым күні :  19.12.2017