«Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

30 қараша 2017 ж.  сағат 17.30 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында мәдени іс - шара ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне - жеріне деген махаббатын арттыру, қазақ халқының ақын -жазушыларымен жақын танысу.

Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының  1-3 курс студенттері: "100 кітап" тізімімен танысып,  Абай Құнанбайұлының еңбегі мен өмірбаянын еске түсірді. Абай Құнанбайұлының еңбектерін қайталап, қара сөздерімен шығармаларынан үзінді оқыды. Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салды.

 «Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін  толықтыратын  ұғымдар. Осы үш бастауға  Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд., өткізу уақыты: 17.00 сағ. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

 

 

Басылым күні :  04.12.2017