«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында өткізген дискуссия

23 қараша 2017 ж.  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында дискуссиялық алаң  ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың ЖИТС жұқтыру жолдары, яғни зиянды әдеттерге бой алдырмайтын,  өз денсаулықтарына аса  жауапкершілікпен қарайтын тұлғалардың моралдық және рухани қасиеттерін тәрбиелеу.

Диалогтық алаңда студенттер  Дүниежүзілік ЖИТБ - ге қарсы күрес күніне орай  «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында танымдық әңгіме өткізді.

Дискуссия барысында студенттер тақырыптың өзектілігі мен мәнін ашатын қызықты презентациялар жасады, онда бүгінгі таңдағы қоғамдағы аса қауіпті мәселелердің  бірі  ЖИТБ-нің таралуы туралы сөз қозғалды. Баяндамалар барысында студенттер АИВ/ЖИТС өзара ерекшеліктерін, АИВ инфекциясының диагностикасы, ЖИТС жұқтыру жолдары және профилактикасы туралы жан жақты ақпараттармен танысты. Әңгіме соңында студенттерге «ЖИТС қорғанудың қарапайым ережелері» туралы бейне материал көрсетілді. Өткізілген іс – шара қорытындысында студенттерді өз денсаулығына  және айналасындағыларға деген қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін   аса жауапкершілікпен әрі саналы түрде қарауға шақырды.

 

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жатақхана - 7,  өткізілетін уақыт: 16:00 сағ.

 

 

Ұйымдастырушы оқытушылар:

 

б.ғ.к., доцент  Асрандина  С.Ш., х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент  Кистаубаева А.С.

Басылым күні :  04.12.2017