«ЭКСПО-2017: Қазақстанның модернизациялық алға жылжуы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «ЭКСПО-2017: Қазақстанның модернизациялық алға жылжуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстанның ғылыми зерттеу институттарының жетекші сарапшылары, белгілі экономистер, әлеуматтанушылар, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Шара барысында көрме қорытындысы бойынша ұсынылған жобалардың тәжірибелік маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның модернизациялау процесіне ЭКСПО-2017 көрмесінің тигізген экономикалық, әлеуметтік және мәдени әсері талқыланды.

Басылым күні :  26.11.2017