«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

3  мамыр 2017 жылы сағат 9:00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Өсімдіктер биотехнология негіздері» курсын оқу барысында орындаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер өсімдіктер биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдік ұлпалары мен клеткаларын in vitro жағдайында өсіру бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасаудыды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып  табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2 зал.,  өткізу уақыты: 9:00.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін  көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 4 топ тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Абай А., Мусиров Б., Тоқтырова Д., Шәріпбек А.

БТ 15-04  

«3 G»

I- ші дәрежелі диплом

2

Байсерік А., Бекбосын А., Ғалижанова А., Ділдабаева А.

БТ15-02

«Biotech»

II- ші дәрежелі диплом

3

Әбдразақ А., Армис Д., Жайсаңбай Қ., Әбдіхалық А.

БТ15-01

«Жас биотехноло-гтар»

III- ші дәрежелі диплом

4

Мусабаева Г., Әлімжан Ә., Нарынбай А., Нуриев Ш.

БТ15-06

«Регенерант»

грамота

5

Тоқанова А., Тұрсынова Ж., Ниязбек А., Селмұхан А.

БТ15-07

«In vitro»

грамота

 

Басылым күні :  22.05.2017