«Президент күніне арналған» арналған мерекелік іс - шара

 2016 жылы қазанның 30 - шы жұлдызында 16.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 - 3 курс студенттері «Президент күніне арналған» арналған мерекелік іс - шара  өткізеді.

        Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру.

       Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1- 3 курс студенттері: Тұңғыш Президент күніне арналған мерекенің пайда болу тарихын айта отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Көш басшысы - Н.Ә.Назарбаевтің елімізді дамытудағы ұстанған сындарлы стретегиялары мен саясатының арқасында Тәуелсіз еліміздің   ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстардың қиындықтарына қарсы тұра біліп, толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енгендігіміз тұралы презентациялар жасады. Сонымен қатар, Ел басының  өмір баяны мен еңбек жолы, отбасы туралы әңгімелер жасалды, мерекеге арналған тақпақтар мен олеңдер айтылды.

Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салып,  өздерінің отанға деген патриоттық сезімдерін білдіретін әуезді әндер шырқады.

        Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд.,  өткізу уақыты: 16.00. Ұйымдастырушылар: профессор Атабаева С.Д. б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

Басылым күні :  06.12.2016