«100 кітап» жоба аясында өткізілген дөңгелек үстел

2 желтоқсан 2016 жылы сағат 17.30 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1-3 курс студенттері “100 кітап” бағдарламасы аясында  «Абайдың қара сөздері» тақырыбына арналған мәдени іс - шара ұйымастырды.

        Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне - жеріне деген махаббатын арттыру, қазақ халқының ақын -жазушыларымен жақын танысу.

        "100 кітап" жобасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2012 жылы бастау алды. Университет ректорының бастамасын қолдап, студенттер өз алдына оқуға міндетті 100 кітап тізімін жасау мақсатын қойды. Жоба аясында факультеттер тарапынан студенттерді қазақ және әлем әдебиетімен таныстыру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Соның нәтижесінде студенттер тізімге кіру міндетті деп санайтын кітаптарын таңдау мүмкіндіктерін алады. Қазіргі уақытта осы жоба барлық студенттер арасында кең қолдау алды. Осы тізімге қазақ халқының әйгілі ақын - жазушысы Абай Құнанбайұлының еңбектері кіреді.

            Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының  1-3 курс студенттері: "100 кітап" тізімімен танысып,  Абай Құнанбайұлының еңбегі мен өмірбаянын еске түсірді. Абай Құнанбайұлының еңбектерін қайталап, қара сөздерімен шығармаларынан үзінді оқыды. Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салды.

        Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд., өткізу уақыты: 17.30. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

 

Басылым күні :  06.12.2016