«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне» арналған мерекелік іс шара

2016 жылы қазанның 30 - шы жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне» арналған мерекелік іс - шара  өткізді. 

Мерекелік іс шараға қатысқандар: Биология және биотехнология факультетінің факультеттің аға куратор - эдвайзері, аға оқытушы Шарахметов С.Е., биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., оқу  - әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, б.ғ.к., доцент  м.а. Акмуханова Н.Р., «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1-3 курс студенттері.

Мерекелік іс шараның мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы рухы биік, намысы берік ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен, аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнына тереңдігінен сыр шерту, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызына тоқталу, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу; студенттердің  тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту; өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.

Концерттік бағдарлама барысында ұстаздар  мен студенттер жиналған қауымды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен  құттықтап; жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуын тілеп, жүректен шыққан ыстық ықыластарын білдірді. Студенттер домбырамен күй шертіп, патриоттық өлеңдер оқып, ән шырқап,  би биледі. Сонымен қатар, тақырыпқа сай баяндамалар мен презентациялар жасалды.

Ұйымдастырушылар: «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 - 3  курс студенттері және куратор - эдвайзер: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А. Өткізілген орын: Гук 6,  412, өткізілетін уақыт: 15:00 сағ.

 

Басылым күні :  06.12.2016