«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллусогендік, морфогендік және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ұйымдастырған ғылыми - практикалық конференция

28 сәуір 2016 жылы сағат 11:35  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының  2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллусогендік, морфогендік және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ұйымдастырған ғылыми - практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Өсімдіктер биотехнология негіздері» курсын оқу барысында орындаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер өсімдіктер биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдік ұлпалары мен клеткаларын in vitro жағдайында өсіру бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасауды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып  табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.  Өткізілетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2 зал.,  өткізілген уақыты: 11:35.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін  көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 4 топ тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Ерғали Қ., Мейірбекова Қ.,

Мусабеков Ж., Махамбетова Н.

БТ 14- 06К  

«Жасампаз»

I- ші дәрежелі диплом

2

Рахимбаева С., Рахатқызы А., Сабырбек Н., Серікбай А.

БТ14-07 К

«Пассаж»

II- ші дәрежелі диплом

3

Рахматуллаева Г., Буембаева Г., Серкебаева К., Асылбекұлы А.

БТ14-11К

«Жалын»

III- ші дәрежелі диплом

4

Жолдас Г., Жүнусава А.,

Исмаилова М., Зайнитдин А.

БТ14-04

«Жас қыран»

грамота

5

Өтеулиева Н., Сапарбаева Н.,

Көпжанова Т., Жүнісова А.

БТ 14-07

БТ14-04,

«Ең үздік сурет     және буклет»

грамота

 

Ұйымдастырушы оқытушылар:

 

б.ғ.к., доцент  Асрандина  С.Ш.. б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д.. х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А.. Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.. б.ғ.к., оқытушы Бержанова Р.Ж.. б.ғ.к., оқытушы  Нармуратова М.Х. 

Басылым күні :  05.05.2016