«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің қолайсыз сыртқы орта факторларға төзімділігі» тақырыбында ұйымдастырған ғылыми - практикалық конференция

28 сәуір 2016 жылы сағат 11:35 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В060700 - Биология» мамандығының  2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің қолайсыз сыртқы орта факторларға төзімділігі» тақырыбында ұйымдастырған ғылыми - практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу - танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген. 

Конференция барысында студенттер өсімдіктер физиологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, әр түрлі сыртқы орта факторлардың әсерінен өсімдіктердің өніп - өсу белсенділігін зерттеу  тақырыбына арналған ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасауды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып  табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.  Өткізілетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 521 ауд.,  өткізілген уақыты: 16:10.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін  көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 4 топ тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Таңатарова А., Тәліп А.,

Рахметова Г., Рашид А.

БТ 14- 04  

«Biofuture»

I- ші дәрежелі диплом

2

Өсербаева А., Жұмаханова Қ,

Намыс С., Ниятхан А.

БТ14-03

«Biolife»

II- ші дәрежелі диплом

3

Кәдірбек Б., Ерманова Н.,

Кисимова Қуандық Н.

БТ14-01

«Тeлпар»

III- ші дәрежелі диплом

4

Абдығапарова Г., Бейбітова Н.,

Елтай Б., Жанаш А.

БТ14-02

«Болашаr»

грамота

5

Сарыбай Г., Әбілдашева А.

БТ 14-01

БТ14-04,

«Ең үздік сурет және буклет»

грамота

Ұйымдастырушы оқытушылар:

б.ғ.к., доцент   Асрандина  С.Ш.. б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д.. Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент  Кистаубаева А.С.. б.ғ.к., аға оқытушы Нармуратова М.Х. 

 

Басылым күні :  04.05.2016