"Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі"

28 ақпан 2016 ж, «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» бағдарлама жобасы бойынша студенттердің арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында биотехнология кафедрасының оқытушылары " Дені саудың жаны сау" деген ұранмен студенттермен бірге ұжымды сырғанақ тебуге жорыққа шықтық. Жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие Медеу мұз айдынына бардық. Спортты өмір салты денсаулық пен көңіл күйдің кепілі. Жорық қызықты болды, бәріміз риза болып, алдағы оқу аптасына оң көңіл күй мен сергектік қуатын алдық. Эдвайзерлер  Садвакасова А.К., Акмуханова Н.Р., Кирбаева Д.К.

Басылым күні :  19.03.2016