«Денсаулықты сақтау» бағдарламасы аясында «Кім жүйрік» тақырыбында өткізілген спорттық сайыс

9 қазан 2015 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2-4  курс студенттері  «Ден саулықты сақтау» бағдалрламасы аясында  «Кім жүйрік» тақырыбында спорттық сайыс  ұйымастырды.  Шараны өткізу мақсаты: студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу.

Спорттық ойындар бағдарламасына ең үздік топтық эмблема, команда атауы мен девизі, дистанцияға жүгіру, ұзындыққа секіру, скакалка және обручпен секіру, сондай-ақ, түрлі ойындар: волейбол, «жемістерді жинау» т.б. қамтыды. Сайыс барысында командалар арасында жеңіс тұғырына жетуге деген күрес қызу жүрді. Студенттер ойын барысында өздерінің спорттық дайындықтарын көрсете білді, сондай ақ, өздерінің ептілігімен, командалық ұйымшылдық қабілеттерін, жеңіске деген қайраты мен күш жігерлерін таныта білді.

Өткізілген орын: ҚР Тұңғыш президент паркі, өткізілген уақыт: 15:30 сағ. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А. 

 

Басылым күні :  19.10.2015