ТАРИХ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
2015 жылдың 26 мамырында биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 1-2 курс студенттерінің қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих – ғасырлар куәсі» атты ашық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерде патриотизм сезімін қалыптастырып, еліміздің тарихымен таныстыру және оны бағалау. Аталған іс-шара студенттердің бойында келесі қасиеттерді қалыптастырады: білімділікті: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттырады; тәрбиелілікті: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелейді; дамытушылықты: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулайды.
Басылым күні : 29.05.2015