Green Campus

«Green Campus» жобасы аясында 2015 жылдың 11 сәуірде  биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен  сенбілік өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге қоршаған ортаны қорғау, еңбектін маңыздығын, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Ұйымдастырылған іс-шараға студенттер ұйымшылдық көрсете отырып, белсене қатысты. Факультеттің территориясын қоқыстан, түскен жапырақтардан, сынған бұтақтардан  тазалады, қоқыстарды арнайы орынға шығарды.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің территориясы.

Уақыты: 11 сәуір 2015 ж., сағат 9.0-14.00.

Green Campus

Басылым күні :  26.05.2015