Ана – шаңырақ шуағы

2015 жылы наурыздың 6-і ҚазҰУ – нің Биология факультетінде Биотехнология кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы: б.ғ.к., доцент С.Ш. Асрандина,  б.ғ.д., профессор С.Д. Атабаева, б.ғ.д., профессор С.С. Кенжебаева, б.ғ.д., профессор С.А. Шоинбекованың ұйымдастыруымен  «5В070100» - Биотехнология мамандығының куратор-эдвайзерлік топтар 1 және 3 курс студенттермен бірге «8 –наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Ана – шаңырақ шуағы» тақырыбында мерекелік шара өткізді.

Шараны өткізу мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Мерекелік шарада студенттер түрлі аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер және тақпақтар мен өлеңдер айтып,  ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ, қыздар арасында «Топ аруы» сайысы өткізілді. 

 

Ана – шаңырақ шуағы

Басылым күні :  26.05.2015