«Жүз кітап » бағдарламасы аясында I.Есемберлиннің жүз жылдығына арналған «Тарихты тербеген қаламгер» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

        20 сәуір 2015 жылы сағат 15:30  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 -  курс студенттері «Жүз кітап » бағдалрламасы аясында  И.Есемберлиннің жүз жылдығына арналған «Тарихты тербеген қаламгер» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел  ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік премия лауреаты Ильяс Есемберлиннің өмірбаяны және творчестволық еңбегімен таныстыру.

        Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 курс студенттері  қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен творчествосы қызу әңгімеленді.  Студенттер қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға екендігін айта отырып, оның жарты әлемге аты мәшһүр, хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма –“Көшпенділер” трилогиясын қызу талқылап өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. 

Трилогияны талқылай отырып, ата-бабаларымыз – Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандарымыз, Наурызбай, Қобланды батырларымыз, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау даналарымыздың егемендігіміз үшін жасаған үлкен еңбектерін түсінді. Студенттер бұл шығармадан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына  мөлдір бұлақтан су ішкендей қанықты.

 

Ұйымдастырушы оқытушылар:

 

б.ғ.к., доцент                                                                    Асрандина С.Ш.

х.ғ.д., профессор                                                              Шоинбекова С.А.

б.ғ.д., профессор                                                              Кенжебаева С.С.

 

 

Оқу-әдістемелік және  тәрбие жұмысы жөніндегі

деканның орынбасары б.ғ.к., доцент                                   Мухатаева К.А. 

Басылым күні :  14.05.2015