Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

        Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, ғылыми жетекшілер! «Экология», «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы байқауына (СҒЗЖ) өтінімдер қабылдау басталды.

       Конкурсқа осы мамандықтар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының кез-келген білім алушылар және студенттік ұжымы қатыса алады. Конкурс жеңімпаздары магистратураға немесе докторантураға түсу кезінде және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту кезінде басым құқық беретін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқау үш кезеңде өтеді.

      Бірінші кезеңге (университетішілік) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жұмыстары ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына дейін қабылданады. Электрондық пошта арқылы мекен-жайлары: kafedraunesko1@gmail.com, khamitovakorlan@gmail.com. Конкурс шарттары және рәсімдеу ережелері мен сілтеме арқылы танысуға болады: https://drive.google.com/file/d/1kKN6xxbqWobW2DKuJU60Cdd6q37mSI1n/view?usp=sharing

Басылым күні :  24.11.2020