Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 27-28 наурызында «5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 – Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Олимпиада тілдері: қазақ және орыс.

 Олимпиаданың тақырыптық бағыттары:

  • География;
  • Экология;
  • Гидрология;
  • Геодезия және картография.

 Олимпиадаға  «География», «Гидрология», «Геодезия және картография» және  «Экология» мамандықтары  бойынша  оқитын, үш  студенттен құралған командалар қатысады.

ОЛИМПИАДА ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

  • Өз университетінде өтетін кезең (2019 жылдың 1 қаңтарына дейін);
  • Республикалық финалдық кезеңі (27-28 наурыз 2019 ж.).

Финалдық кезең – үш айналымнан тұратын командалар мен студенттердің (жеке есеп бойынша) ашық байқау:

*«5В060800- Экология» мамандығы бойынша:

  • Бірінші айналым «Теориялық тапсырмалар» – тест тапсырмалары (20 тест сұрақтары) және практикалық тапсырмалар (5 есеп), 100 мин.

               Ескерту:

  1. Олимпиаданың әр қатысушысында қалам (көк түсті), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және инженерлі калькулятор болуы тиіс.
  2. Жұмыс парағында корректор (штрих) қолданылатын болса, комиссия мүшелерінің жеке есеп баллын төмендетуге құқығы бар.
  • Екінші айналым «Жоба дайындау». «Өз аймағыңыздағы биоалуантүрліліктің жағдайын экологиялық бағалау оны сақтау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар» тақырыбы бойынша жобаның презентациясы. (Әр команда 5-7 минут ішінде жобаны қорғауы тиіс).

             Ескерту:

  1. Жобаның презентациясы тек PPT және PPTX форматында ғана қабылданады.
  2. Уақыттың тәртібі сақталмайтын болса, комиссия мүшелері команданың жалпы баллын төмендетуге құқығы бар.

Басылым күні :  24.04.2019