Бакалавр-экологтарды оқыту үшін Валенсия политехникалық университетімен ынтымақтастық

5В060800 – «Экология мамандығы бойынша ағылшын тілінде «Ecology» білім беру бағдарламасын құрастырушылар шетелдік тәжірибені 2018 жылы 30 маусым мен 10 шілде аралығында Валенсия политехникалық университетінде (Валенсия, Испания) өткізді.
Тапсырманың мақсаты – «Environmental Impact Assessment (EIA)/ Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) » курсы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және одан әрі оқыту туралы кеңесу.
Менімен бірге іскерлік сапарда ҚазҰУ әріптестерім болды – тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы меңгерушісінң орынбасары, доцент м.а. Таныбаева А.К. және PhD докторанты Рысмағамбетова А.А.
«Экология» жаңа білім беру бағдарламасымен таныстырдық, оқу бағдарламаларының оқу модульдерінің құрылымы мен мазмұнын шетел әріптестерімен талқыладық: инновация және технологиялар трансфері жөніндегі проректор, профессор Jose E.Capilla Roma, қауымдастырылған профессор, доктор Javier Rodrigo-Ilarri, сондай-ақ доктор Claudia Н. Romero, Валенсия политехникалық университетінің су және экологиялық зерттеулер институтының ГАЖ технологияларына және басқа да маманданған ғалымдармен.
Біліктілікті арттыру мәселелері – еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, нақты шешімдер қабылдау және ҚОӘБ бойынша құжаттаманы дайындау. Оқыту презентациялар форматында өтті, жобалық құжаттамамен, өндірістік нысандардың есептерімен жұмыс жасадық, оқу интерактивті режимде өткізілді және ситуациялық тапсырмалар шешілді.
Candia кампусындағы UPV бөлімшесіне жұмыс сапары барысында халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Michaela Muszynski-мен кездестік, ғалымдар мен «Environmental Science (Қоршаған орта)» саласындағы бакалаврларды дайындайтын оқытушылармен кездесу өтті. Біз:
– «Environmental Science» мамандығы бойынша оқу жоспарымен, BSc, әзірленіп жатқан «Ecology» оқу жоспары бойынша пәндер мен кредит сандары туралы салыстырмалы талдау жүргізілді;
– қоршаған орта бойынша мамандарды даярлауға арналған оқу-өндірістік базасы, зертханалық зерттеулер мен құрал-жабдықтар, студенттердің тәжірибелік сабақтарын өткізудің жақсы әдістері туралы талқыланды;
– ынтымақтастықты, соның ішінде екі дипломдық білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту белгіленді.

Басылым күні :  05.02.2019