«Экология» мамандығы бойынша СҒЗЖ

«Экология» мамандығы бойынша СҒЗЖ 
2014 жылдың «04» наурыз (ЕМА) университет ректорының бұйрығымен бекітілген «Экология» мамандығы бойынша СҒЗЖ конкурстық комиссиясы болып 5 адам тағайындалды.

«Экология» мамандығы бойынша СҒЗЖ байқауына 18 жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарынан 46 жұмыстар қабылданды.
Студенттердің ғылыми жұмысы қарастырып, университет базасының конкурстық комиссиясы келесідей марапатқа ұсынуға шешім қабылдады:
ҚР БҒМ І дәрежелі дипломына 1 жұмыс:
1. Tahambetova А.Б. - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің 1-ші курс магистранты. Тақырыбы: «Тұрақты даму негізінде Қазақстан аймақтарының энергоэкологиялық әлеуетін бағалау», ғылыми жетекшісі: - б.ғ.к., профессор м.а Тажибаева Т.Л.
ҚР БҒМ ІІ дәрежелі дипломына 2 жұмыс:
1. Рысмагамбетова А.А., Сатаева А.Н. - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-ші курс магистранттары. Тақырыбы: «Күн энергиясын пайдалану арқылы мұнайқұрамды қалдықтардан мұнайды терең термиялық әдіспен жою» - т.ғ.д., профессор м.а Абдибаттаева М.М.
2. Кенжебаев Н.А. - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-ші курс магистранты. Тақырыбы: «Жылу энергетикасының ақаба суларының экотоксиканттарын зерттеу Алматы қаласы ЖЭС-2 мысалында», жетекшісі - б.ғ.к., профессор м.а Бияшева З.М.

Басылым күні :  12.02.2015