ХХІ ғасырдың жаһандық сын-тегеуріні

2016 жылдың 18 ақпанында сағат 1500-1700 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әл-Фараби кітапханасында (Ақ зал) 4 қабатта "ХХI ғасырдың сын-тегеуріні" атты тұрақты негізде Екінші пәнаралық семинар өтеді. Семинар барысында келесі мәселелер талқыланады: Ақпараттық соғыс және терроризм, Қазақстандағы ракеталық-ғарыштық қызметінің экологиялық қауіпсіздігінің мәселелері.  

Семинарға ҚазҰУ ғалымдары, түрлі ғылыми-зерттеу институттарының (зоология, генетика, ботаника, экология мәселелері және т.б.) өкілдері, ЮНЕСКО "Адам және биосфера" Қазақстандық ұлттық комитетінің мүшелері, "Білім" мәдени-білім беру орталығының мүшелері, сондай-ақ тұрақты даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселеріне қызығушылық танытушы адамдар тобы қатысады.  

Басылым күні :  09.02.2016