Қысқы Unity «Экофест»

21 ақпанда жыл сайынғы Қысқы Unity «Экофест» аясында география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасының «Экология» мамандығының 1 курс студенттері  МультиОлимпиадалық сайысқа  шақырады.

Іс-шараның мақсаты: жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын белсенді демалыс ретінде насихаттау.

Іс-шараның өтетін орны: Орталық демалыс паркі.

Уақыты: 21 ақпан  сағат 1000 –нан 1700 –ге дейін.

Ұйымдастырушылар: х.ғ.к., доцент Биримжанова З.С., х.ғ.к., проф. Торегожина Ж.Р., ассист. Рысмагамбетова А.А. 

Басылым күні :  27.02.2015