Су ресурстарын қорғау (ТДМ 6) дөңгелек үстел

2024 жылдың 04 сәуірінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жыл сайын өтетін "Фараби әлемі" Халықаралық студенттік конференциясы аясында "Су ресурстарын қорғау (ТДМ 6)" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар Тұрақты дамудың 6-шы мақсатына «Таза су және санитарияға» қол жеткізу жолдарын талқылады, сондай-ақ еліміздегі су ресурстарын басқарудың ағымдағы жай-күйі мен жүйесіне талдау жүргізді.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балхаш-Алакөл бассейндік инспекция маманы Мамықбаев Мұхаммедуали су шаруашылығын ұтымды пайдалануды бақылау қызметінің қазіргі мәселелері мен міндеттерін баяндады. Іс-шара өте тартымды өтті. Білім алушылр көптеген ақпараттарға қанық болып, өз қызығушылықтарын танытып белсене қатысып отырды.

Іс-шара соңында кафедра студенттеріне арналған сергіту сұрақ – жауап ойыны өткізілді. Белсене қатысып сұрақтарға жауап беру арқылы жоғары балл жинаған студенттерге силықтар берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы қорытынды жасап, өз қызметімен және су мәселелерімен бөліскен қонаққа алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырған: оқытушылар Құрбанова Л.С., Түсүпова Б.Х., Хамитова Қ.Қ., Мұқанова Г.А. және 7М05209-Геоэкология және ТПБ білім бағдарламасының 1 курс магистранттары.

Басылым күні :  09.04.2024