КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін ^72 мектептің 2023-2024 оқу жылының түлектері үшін әл- Фараби атындағы ҚазҰУ университеті өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.Кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты – бітіруші түлектерге университетті саналы және дұрыс таңдауына көмектесу.Кездесу барысында тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісінің оқу-әдістемелік, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исанбекова Алмагүл және кафедра оқытушысы Алпысбаева Алина мектеп оқушыларын мамандыққа түсудің жаңа ережелерімен, сондай-ақ университет тарихы мен жетістіктерімен таныстырды.Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында аталған университеттің түлектерінің жұмыс орындары, өндірістік тәжірибелер жөнінде ақпараттар ұсынылды.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

Басылым күні :  04.04.2024