Жаппай сейсмикалық дайындық

2024 жылғы 23 ақпанда ТЖМ жоспарлаған жаппай сейсмикалық жаттығулар шеңберінде  Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ОПҚ білім алушылар арасында ТЖ жағдайында іс-қимыл тұрғысынан оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты-факультет білім алушыларының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру, студенттердің эвакуация бағыттарын алдын ала анықтау, кампус аумағындағы қауіпсіз орындарды анықтау. Сиренаны сағат 10.00-де қосқаннан кейін география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері мен оқытушылары оқу корпусынан шығып, ашық алаңдарға жиналып, факультет оқытушылары мен деканының жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсіндірмелерін тыңдады.

Басылым күні :  27.02.2024